Арық жүйелерін тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарабұлақ ауылдық округі аумағында көктемгі кезеңде су тасқыны қаупінің алдын алу, еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету және су деңгейінің көтерілуін болдырмау мақсатында арық жүйелерін тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Аталған шаралар елді мекен аумағын су басу қаупін төмендетуге, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта тиісті мамандар мен техника жұмылдырылып, тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Алдағы уақытта да округ аумағында су тасқынының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karabulak/press/news/details/1168236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді