Астана төріндегі жеңіс: павлодарлық «Заря» елорданы бағындырды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас футболшыларымыз елге үлкен жеңіспен оралды! 21-22 ақпан аралығында Астана қаласында мини-футболдан республикалық «Допшы» кубогы өтті.

Үздік атану үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда бақ сынасты. Алайда павлодарлық өрендер нағыз чемпиондардың бізде өсіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді! Облысымыздың намысын Павлодар ауданының «Заря» командасы лайықты қорғады.

Нәтижесінде:

Алтын: 2014–2015 жылғы балалар командасы — турнирдің абсолюттік чемпионы атанды!

Қола: 2012–2013 жылғы балалар командасы — құрметті үшінші орынды иеленді!

Жекелей марапаттар — облыс мақтанышы:

 «Үздік қақпашы» — Рассадин Иван, 5 «Б» сынып оқушысы. Оның жылдамдығы мен батылдығы жеңіске жол ашты!

«Үздік жаттықтырушы» — Ермеков Тілек Ержанұлы, Заря ЖОББМ жаттықтырушы-оқытушысы.

Оның жетекшілігімен шәкірттері жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті.

Жас спортшыларды, жаттықтырушыны және ата-аналарды осынау жарқын жетістікпен құттықтаймыз! Павлодар футбол мектебі — жеңімпаздар мекені!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1168278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді