
Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті Орган залында Ю.Должиков атындағы VII Аймақаралық үрлемелі және соқпалы аспаптарда орындаушылар байқау-фестивалі өтті.
Аталған шығармашылық байқау түрлі өңірлерден келген жас музыканттардың басын қосып, орындаушылық шеберлікті шыңдауға, тәжірибе алмасуға және кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Байқаудың басты мақсаты – дарынды орындаушыларды қолдау, үрлемелі және соқпалы аспаптар өнерін дамыту, сондай-ақ музыкалық білім беру саласындағы үздік дәстүрлерді сақтау.
Байқау қорытындысы бойынша музыкалық колледждің «Үрлемелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің 3-курс студенті Түрегелді Жасұлан (труба сыныбы) I дәрежелі лауреат атанды. Жас орындаушы жоғары техникалық дайындық деңгейін, сахналық мәдениетін және көркемдік шеберлігін көрсетті.
Лауреатты дайындаған оқытушы – Шлегель В.А. Оның кәсіби біліктілігі мен ұстаздық шеберлігі шәкірттерінің жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етуде. Байқаудың концертмейстері Куминов А.Б. болып, қатысушылардың өнер көрсетуіне сапалы әрі нәзік музыкалық сүйемелдеу жасады.
Жеңімпазды және оның жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1168340?lang=kk

Жауап қалдыру