
Астанада түзеу мекемелеріндегі діни радикализмнің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті
2026 жылғы 17 ақпанда Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Qamqor-Astana» қоғамдық қоры қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, сондай-ақ теологтар мен имамдар үшін біліктілікті арттыру семинарын ұйымдастырды.
Семинардың тақырыбы — «Түзеу мекемелерінде діни радикалдануды ерте кезеңде анықтау және алдын алу: теориялық негіздер мен практикалық тәжірибе».
Семинар жұмысына Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қ. Көшқали, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың дінтану ғылымдары PhD докторы Қ. Қалиев, «Sapsan» стратегиялық орталығының директоры Ж. Сүлейменов, сондай-ақ практикалық баяндамашы Е. Наурызбаев қатысты. Кездесуге «Qamqor-Astana» ҚҚ бөлім басшысы Н. Жаншин модераторлық етті. Спикерлер сотталғандар арасындағы діни конверсия құбылысы мен радикалдану кезеңдері туралы сарапшылық пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — мамандарды деструктивті діни ағым көріністерін ерте анықтау әдістеріне үйрету, ресоциализация процестерін талқылау және бас бостандығынан айыру орындарында экстремизмнің алдын алу саласында практикалық тәжірибе алмасу.
Соңында қатысушылар «сұрақ-жауап» форматында өзекті мәселелерді талқылап, практикалық жұмыстың қыр-сыры туралы пікір алмасты және оқудан өткені туралы сертификаттар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-udr/press/news/details/1167700?lang=kk

Жауап қалдыру