
Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы кезекті қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтардың сұрақтарын мұқият тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жауапты бөлім басшыларына өтініштерді бақылауға алып, заң талаптарына сәйкес қарастыру тапсырылды. Аудан басшылығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1167793?lang=kk

Жауап қалдыру