«Balkhash Winter Fishing – 2026» қысқы балық аулау фестивалі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  •  
  • Жетісу облысында туризмді дамыту аясында Балқаш көлінің жағалауында алғаш рет «Balkhash Winter Fishing – 2026» қысқы балық аулау фестивалі өтті. Фестивальға еліміздің әр өңірінен келген әуесқой балықшылар қатысты. Атап айтқанда, шарада Астана, Алматы, Өскемен, Талдықорған қалаларынан, сондай-ақ Үндістан мен Якутиядан келген тревел-блогерлер қонақ болды.

    ✅ Туристік іс-шара Жетісу облысының туризм басқармасы мен «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен, Сарқан ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – өңірдің қысқы туристік әлеуетін паш ету және Балқаш көлін тек жазғы демалыс орны ретінде ғана емес, жыл бойы саяхат жасауға қолайлы бағыт ретінде насихаттау.

    ✨ Мұз үстінде балық аулау ережелерімен танысқан қатысушылар 4 сағат бойы балық аулады. Ниет білдірушілерге арнап жел өтпейтін шатырлар тігіліп, оларға қармақ пен түрлі жем ұсынылды, сондай-ақ мұзды бұрғылап, ойық жасауға көмек көрсетілді. Қолдау ретінде ыстық шай беріліп, жылынып алулары үшін киіз үй тігілді. Фестиваль қорытындысында бірнеше аталым бойынша жеңімпаздар анықталды: алғаш ұсталған балық үшін «Балқаш олжасы», ең ірі балық үшін «Алтын олжа», ең көп ауланған балық үшін «Мұз патшасы» номинациялары берілді.

    🔷 Ұйымдастырушылардың айтуынша, Балқаш көлінде өткен қысқы балық аулау фестивалі табиғатты, белсенді демалысты, таза ауадағы шынайы қарым-қатынасты бағалайтын жандар үшін нағыз мерекеге айналды.

    ⚡ Сөйтіп, «Balkhash Winter Fishing» жай ғана іс-шара емес, ол Жетісу өңірінің брендін қалыптастыруға бағытталған жүйелі стратегияның бір бөлігі деуге болады. Бұл бастама дәстүрлі туристік бағыттарды дамытуға және жаңа туристік маршруттарды қалыптастыруға ықпал етеді.

    21 ч.

     
  •  
     
     
  •  
     
     
  •  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-lepsi/press/news/details/1168341?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді