Биологиялық белсенді қоспаның (ББҚ) пайдасы бар ма?
Биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) әр түрлі шөптен, қажет болғанда жануар ағзасынан алады. Олардың басым бөлігі белгілі бір мөлшерде пайдасы бар. Алайда биологиялық белсенді қоспаны жарнамасына қарап сатып алар да мұқият болған жөн. Көп сатушылар ББҚ-ны “мың бір” ауруға ем, ағзадағы кез келген ауытқушылықтың алдын алады, артық салмақтан арылтады деп алдауы мүмкін. Соның арқасында қазір ел арасында биологиялық белсенді заттарға сұраныс артты. Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керек екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны қолданар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңескен жөн. Биологиялық белсенді қоспалар – дәрі емес, ол ағзаға жетпейтін дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру үшін қолданылады. Оны тағам құрамына қосып та, жеке өзін де қолдануға болады. Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Қазіргі таңда тамақ өндіру барысында шикізатты бірнеше мәрте өңдегендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін биологиялық белсенді қоспалар қолданылады. Зерттеуге сәйкес, биологиялық белсенді қоспаның адам ағзасына зияны 5-7% көрсетсе, пайдасы 80-90% жетеді. Биологиялық белсенді қоспаның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ зиян деген өсімдіктің де құрамында медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда биологиялық белсенді қоспаны дәрі-дәрмектен бөлек қосымша тағайындауы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1167357?lang=kk

Жауап қалдыру