Бүгін Басқарма басшысы Бақдәулет Сәбитов ҚР Бокс федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Тұрсынханұлы Сәтжановпен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында облыстағы бокс спортын дамыту, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, жаттықтырушылар құрамының әлеуетін арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар өңірдегі бокс мектебінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жас спортшыларды қолдау және оларды республикалық, халықаралық жарыстарға жүйелі дайындау бағытында бірлескен жұмысты күшейту жөнінде пікір алмасты.

🔹Сонымен қатар, облыстық бокс федерациясының қызметін жандандыру, бұқаралық спортты дамыту және сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу қорытындысында алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
____
#bqo_sport

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1166953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді