Бурабай ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз бала шақ кепілі және сталкингтің алдын алу тақырыбындағы форумға қатысқан.
Іс-шара конструктивті диалог алаңына айналып, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру жүйесінің, құқық қорғаушылардың, студенттердің және аудан тұрғындарының өкілдерін біріктірді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу, сондай-ақ сталкингке және басқа да қудалау түрлеріне қарсы шаралар қаралды.
Қызметкерлер құқық қорғау органдарына арыз беру тәртібін, құқық бұзушылықтарға әрекет ету алгоритмін және заңмен қарастырылған зардап шеккендерді қорғау шараларын түсіндірді. Білім беру саласының және әкімдіктің өкілдері білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар және балалар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар туралы ақпарат берді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1168516?lang=kk

Жауап қалдыру