“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының базасында “Бәйтерек” холдингінің Бірыңғай фронт-офисі — кәсіпкерлерге арналған “бір терезе” қағидаты бойынша сервис іске қосылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бір жерде “Бәйтерек”Холдингі ұйымдарының бағдарламалары бойынша консультациялар мен сүйемелдеу алуға болады:
* “Даму” кәсіпкерлікті дамыту Қоры (ШОБ қолдау құралдары 7 млрд теңгеге дейін)
* Қазақстанның Даму Банкі (7 млрд теңгеден басталатын ірі жобаларды қолдау құралдары)
* Өнеркәсіпті дамыту қоры (өңдеу саласын қолдау және лизинг құралдары)
* KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігі (экспорттық жобаларды қолдау құралдары)
* Qazaqstan Investment Corporation (жеке инвестициялар құралдары private equity)

Бірыңғай фронт-офистер “Даму” Қорының бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік филиалдарының базасында жұмыс істейді.

Бірыңғай фронт-офистерде бастапқы кеңес беріледі және аталған компаниялардың атынан өтінімдер қабылданады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1408 нөмірі “Бәйтерек” холдингінің Бірыңғай байланыс орталығына айналды.
1408 нөмірі бойынша “Бәйтерек” холдингінің барлық еншілес ұйымдарының (Отбасы Банкінен басқа) бағдарламалары бойынша консультациялар қолжетімді.
⏰ Жұмыс уақыты: 08:30-17: 30
📞 Қазақстан бойынша қоңыраулар тегін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1167863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді