
🗓️ 16.02.2026 ж. – 17.02.2026 ж. 📍 Елтай орта мектебінің 7–11 сынып оқушылары С. Маддидің (бейімдеген Д. Леонтьев) төзімділік тестін — Hardiness Survey тапсырды. Бұл тест адамның стресске қарсы тұру қабілетін және өмірлік қиындықтарды еңсеру әлеуетін анықтайтын ең танымал психологиялық құралдардың бірі болып саналады. Тестілеу e-talapker платформасы арқылы өткізілді.
🎯 Аталған әдістеме «төзімділік» (hardiness) ұғымын жай ғана шыдамдылық емес, стресстік жағдайларды тұлғалық өсу мүмкіндігіне айналдыру қабілеті ретінде қарастырады.
Тестілеуге барлығы 88 оқушы қатысты. Тест басталар алдында мектеп психологы @rayeva_samal және 7–11 сынып жетекшілері @kuatmadina @dinarabaigulanova @k_gulzira @nazbolysbekova @rayeva_samal тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1167835?lang=kk

Жауап қалдыру