
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 20 ақпанында Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай ауданының прокуратурасымен, жеке сот орындаушылары палатасымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен бірлесіп «Еңбек қолдау» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты алимент және өзге де атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болды. Жәрмеңке барысында қатысушыларға бос жұмыс орындары ұсынылып, ресми түрде жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар берілді, сонымен қатар сот шешімдерін орындамағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1166846?lang=kk

Жауап қалдыру