Еске алу көрмесінің ашылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 20 ақпанында Сурет галереясында қостанайлық суретші Георгий Соковтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған еске алу көрмесінің ашылуы өтті.

Іс-шараға қоғам өкілдері, мәдениет қайраткерлері және өнер сүйер қауым қатысты. Көрмеге суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік стилін және өңірдің бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесін айқындайтын туындылары көрсетілді.

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Әділет департаментінің қызметкерлері аталған көрмеге қатысты. Мәдени іс-шараларға қатысу рухани құндылықтарды нығайтуға, тарихи және мәдени мұраға деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1166865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді