Хантау ауылындағы мектеп ұжымымен Конституция жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын тұрғындарға түсіндіру мақсатында Хантау ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Конституция жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, ұсынылып отырған реформалардың ел дамуына қосатын үлесі кеңінен сөз болды.

Кездесуге мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат алды. Жиын барысында Ата Заң жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер, атап айтқанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар Конституция жобасына енгізілетін жаңашыл бастамалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететіні атап өтілді. Жаңа өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталғаны айтылып, реформалардың маңыздылығы нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Мектеп ұжымы өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды және көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Жауапты мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды түсіндірмелер беріліп, қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынатыны жеткізілді.

Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтардың қоғамдағы маңызды өзгерістерге белсенді қатысуына жол ашып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1168170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді