
Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының шақыруымен жұмыс берушілердің қатысуымен отырыс өтті. Отырыс аясында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша департаменті hr.enbek.kz ақпараттық жүйесіне электрондық еңбек шарттарын енгізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отырыс барысында еңбек қатынастары туралы мәліметтерді, еңбек шарттарына енгізілетін өзгерістерді ақпараттық жүйеге енгізу тәртібі мен талаптары түсіндірілді. Ұсынылатын деректердің дұрыстығына, толықтығына және уақтылы енгізілуіне ерекше назар аударылды. Жұмыс берушілерге hr.enbek.kz жүйесіне ақпарат енгізу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес міндетті екені ескертілді. Сонымен қатар, аталған талаптардың сақталуына бақылау күшейтілетіні және заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылатыны хабарланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1167403?lang=kk

Жауап қалдыру