
Құрметті кәсіпкерлер! 2026 жылғы 28 ақпан – салық режимі туралы хабарлама берудің соңғы күні.
Егер хабарламаны уақытында жібермесеңіз, сіз автоматты түрде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысасыз.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі үш арнаулы салық режимін көздейді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа және фермер қожалықтары үшін.
Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдануды жоспарлап отырсыз ба?
Хабарламаны 2026 жылдың 28 ақпанына дейін жіберіңіз:
– салық төлеушінің кабинеті арқылы (СӘАЖ АЖ-да “Құжаттарды тапсыру” бөлімінде – “Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама”);
– “e-Salyq Business” мобильді қосымшасы арқылы (“қызмет” – “ЖК салық режимін өзгерту”);
– орналасқан жері бойынша МКБ-да (қағаз жеткізгіште);
– екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы (“мемлекеттік қызметтер” бөлімінде – “ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту”).
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимге көшу
2026 жылғы 1 наурыздан бастап патент бойынша немесе арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жұмыс істеген ЖК автоматты түрде есептен шығарылады (есептен шығару күні – 2026 жылғы 1 қаңтар).
Автоматты аударымдар мен қайта есептеулерді болдырмау үшін соңғы күнді кейінге қалдырмаңыз!
Павлодар облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1168298?lang=kk

Жауап қалдыру