
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің азаматтарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы Академиясына оқуға іріктеу жөніндегі өкімін орындау мақсатында 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, капитан Камалов Сұлтанбек Сағынбекұлы 2026 жылғы 26 қаңтар – 27 наурыз аралығында Казталов ауданының елді мекендеріндегі білім беру ұйымдарын аралап, білім алушылармен кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізуді бастады.
Кездесу барысында оқушыларға Ұлттық ұлан Академиясына түсу талаптары, оқу үдерісі, әскери қызметтің ерекшеліктері, болашақ мамандықтардың бағыттары мен әскери қызметшінің қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар әскери қызметтің артықшылықтары, тәртіп, жауапкершілік, патриоттық тәрбие, елге қызмет етудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар кездесуге қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының м.а. Ж.Гумаров, АӘК алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әдіскері С. Абукенов қатысып, оқушыларға әскери қызметтің мәні мен маңызы, бастапқы әскери дайындықтың рөлі, әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері жөнінде қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1167845?lang=kk

Жауап қалдыру