
Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері заңмен тыйым салынған орындарда кальян шегу деректерінің жолын кесуге бағытталған профилактикалық тексерулерді жалғастыруда. Жыл басынан бері қоғамдық тамақтану орындарында кальян мен темекі өнімдерін тұтынуға байланысты шамамен 1600-ге жуық құқық бұзушылық дерегі тіркелді.
Кезекті рейдтік іс-шара барысында полицейлер қаладағы мекемелердің бірінде заң бұзушылықты анықтады: келуші ғимарат ішінде кальян шеккен. Аталған әрекет заңға қайшы болып табылады. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тыйым салынған жерде темекі шеккені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Еске саламыз, Қазақстанда мейрамханаларда, барларда, клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған.
Астана қаласы Полиция департаменті тұрғындарды қолданыстағы заңнаманы сақтауға, ал мекеме иелерін өз аумағында белгіленген талаптардың орындалуын қадағалауға шақырады. Профилактикалық тексерулер алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1167728?lang=kk

Жауап қалдыру