Маңғыстауда бұрын сотталған азаматтар волонтерлік қызметке шақырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Мемлекет басшысының 2026 жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялауына орай әлеуметтік бағыттағы іс-шара ұйымдастырды.

Кездесу Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы мен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен бірлесіп өткізілді. Шараға бұрын есірткі қылмыстары үшін сотталған азаматтар қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға қоғамға қайта бейімделу, заңға бағынатын өмір салтын ұстану және волонтерлік қызмет арқылы өз өмірін оң бағытта өзгерту мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар еріктілік қызметтің қоғамдағы рөлі, оның жастар арасында нашақорлықтың алдын алудағы маңызы айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамнан шеттетпей, оларды пайдалы қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы қайта әлеуметтендіру және құқықбұзушылықтың қайталануына жол бермеу.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

https://www.instagram.com/reel/DVB2Tw3iEAv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1166826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді