
Бүгін XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Әйелдер арасында классикалық стильмен 50 шақырым шаңғы жарысына Ұлттық құрама спортшысы Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысты.
Назарыңызға отандасымыздың нәтижесін ұсынамыз:
Надежда Степашкина 31-орын (2 сағат, 40 минут, 22.6 секунд)
Анна Мельник 35-орын (39.4 км кейін)
Әйелдер, 50 км масс-старт жүлдегерлері:
1. Эбба Андерссон (Швеция)
2. Хейди Венг (Норвегия)
3. Надя Келин (Швейцария)
Айта кетейік, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа, оның ішінде Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары фаворит саналады.
Қазақстан қазір 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте ТОП-20 елдің қатарында (19-орында) тұр.
Жалпы спорттың осы түрінен Миландағы Олимпиадада 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынды. Осы ойындарда еліміздің атынан 4 отандасымыз – Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Надежда Степашкина мен Анна Мельник өнер көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1166822?lang=kk

Жауап қалдыру