
А. Байтұрсынұлы атындағы мектепте Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған іс-шара өтті. Кеш барысында ақынның жүрекке жететін, романтикалық өлеңдері оқылды. Оқушылар тіл, туған жер тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, «Есіңе мені алғайсың» әнін орындады.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығын қорытындылау — іс-шараның маңызды кезеңі болды. Апта бойы мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған түрлі байқаулар, викториналар, ойын-сауық және зияткерлік үзілістер, ашық сабақтар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1167923?lang=kk

Жауап қалдыру