
Бүгін «Нұра» ауданында Ардагерлер кеңесінің 2023–2025 жылдар аралығындағы есептік-сайлау конференциясы өтті.
Есептік баяндама жасаған Айтмағамбет Аипов атқарылған істердің нақты нәтижелерін, жүзеге асқан бастамаларды және келесі кезеңнің міндеттерін атап өтті. Кеңес қызметі қанағаттанарлық деп бағаланып, жаңартылған басшылық құрамы сайланды.
«Бұл — жай ғана қызметтік жиын емес, қаланың қалыптасу кезеңіне куә болып, мол тәжірибесін кейінгі буынға жеткізіп жүрген, қоғамдық өмірден шет қалмайтын жандармен мазмұнды жүздесу болды. Делегаттар мен ардагерлер ұйымдарының белсенділері бас қосып, атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы бағыт-бағдарды айқындады.
Аудан өміріне белсенді араласып, жастарға әрдайым қолдау білдіріп жүрген ардагерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз — жауапкершілік пен еңбекқорлықтың, елге адал қызмет етудің айқын үлгісі. Даналықтарыңыз бен белсенді ұстанымдарыңыз үшін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», — деп атап өтті аудан әкімі Ришат Тұрдыбеков.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-nura/press/news/details/1166812?lang=kk

Жауап қалдыру