ОБЛЫСТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Ахметұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңірдегі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аралау барысында вице-министр Кентау қаласындағы Қосқорған су қоймасы нысанына барып, оның қазіргі техникалық жағдайын бақылап шықты. Қала әкімі Жандос Тасов су қоймасының жай-күйі, жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен су деңгейінің тұрақты мониторингі және қала мен ауылдардағы су тасқынын алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінде «Қосқорған» су қоймасының жалпы сыйымдылығы 37,3 млн текше метрді құрайды. Қазіргі таңда су қоймада 24,5 млн текше метр су жиналған. Нысанның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, су жіберу тетіктері мен қорғаныс құрылғылары тұрақты бақылауда.
Сонымен қатар, жауапты сала мамандары тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Вице-министр су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтіп, жауапты құрылымдарға бақылауды күшейту және алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды..

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1167819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді