ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі Жандос Тасов жеке қабылдауында қаладағы Алтын орда көшесін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру мәселелері көтерілген болатын.
Көтерілген мәселелерді анықтау мақсатында қала әкімі аталған көшелерге арнайы барып, тұрғындармен кездесіп мән-жайымен танысты.
Биыл Кентау қаласындағы 30-дан аса көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жүзеге асырылмақ. Алдағы уақытта қаладағы Абай көшесі №25, 25а және Ш.Уәлиханов көшесі №66, 66а, 68 мекен жайларында орналасқан көпқабатты тұрғын үй аулаларына ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілетін болады.
Алтын орда көшесін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін қолданыстағы кәріз су сорғы станциясының қуатын арттыру қажет. Бұл мәселені түбегейлі шешу мақсатында «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылысы» жобасы әзірленуде.
Жоба кәріз жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа аудандарды қосуға мүмкіндік береді. Жоба іске асқан соң, Алтын орда көшесін кәріз жүйесіне қосылатынын түсіндіріп өтті.
Кездесуде көтерілген әрбір мәселе назарда болатынын, барлығы кезең-кезегімен ретке келтірілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1167888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді