«Қалам мен қағаз – достық» дөңгелек үстелі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық баспасөз күніне орай «Қалам мен қағаз – достық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында мәдениет үйінің қызметкері Мұратхан Аружан оқушыларға ұлттық баспасөздің қалыптасу тарихы, алғашқы қазақ газеттері мен журналдары, баспа ісінің дамуы және қазіргі ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі туралы кең көлемде ақпарат берді.

Сонымен қатар қалам мен қағаздың рухани құндылық ретіндегі маңызы, сөз мәдениеті, сауатты жазудың жауапкершілігі жөнінде түсіндіріліп, баспасөз арқылы ел санасын қалыптастырудағы журналистердің еңбегі атап өтілді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тақырып бойынша пайдалы мәліметтермен танысты. Дөңгелек үстел танымдық бағытта өтіп, жас ұрпақтың кітапқа, баспасөзге және жазба мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1168037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді