
2026 жылғы 20 ақпан. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша алдағы республикалық референдумға арналған брифинг өтті. Іс-шараға қазақстандық диаспора өкілдері, сондай-ақ Молдованың жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты азаматтарды жаңа Конституция жобасының мазмұны және оны әзірлеудің алғышарттары туралы жан-жақты әрі түсінікті түрде хабардар ету болды. Жаңа Негізгі заңды әзірлеу бастамасы Мемлекет басшысының өткен жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында жарияланғаны, осыдан кейін арнайы комиссия құрылғаны атап өтілді.
Жаңартылған Конституцияның басты мақсаты – адам өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде тану қағидатын бекіту екені атап өтілді. Мемлекет азаматқа қызмет етуі тиіс, заң баршаға ортақ болуы керек, ал әрбір адам өз құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктеріне ие болуы тиіс екені айтылды.
Қатысушылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы да хабардар етілді. Іс-шара барысында пікір алмасу өтіп, қатысушылардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалды.
Кездесу соңында қатысушыларға ағымдағы жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысу ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1168564?lang=kk

Жауап қалдыру