Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен түсіндіру және оның негізгі бағыттарын халыққа жеткізу мақсатында Мыңарал ауылының тұрғындарымен кездесу жиыны өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен түсіндіру және оның негізгі бағыттарын халыққа жеткізу мақсатында Мыңарал ауылының тұрғындарымен кездесу жиыны өткізілді. Іс-шара барысында конституциялық реформалардың мазмұны жан-жақты түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуы үшін маңыздылығы атап өтілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындарды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасымен таныстыру, оның негізгі қағидаттары мен бағыттарын түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Жиын барысында қатысушыларға Конституция жобасының басты ерекшеліктері мен енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы тек заңнамалық құжат қана емес, еліміздің болашағына бағытталған маңызды стратегиялық қадам екені атап өтілді. Конституция жобасында қарастырылған әрбір бап пен өзгеріс азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдағы әділеттілік пен теңдік қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Сонымен қатар ұсынылып отырған реформалардың мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал ететіні және еліміздің тұрақты дамуына негіз болатыны кеңінен түсіндірілді. Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартуға және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Жиын барысында ауыл тұрғындары өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар мен ұйымдастырушылар арасында еркін пікір алмасу жүзеге асты.

Мұндай кездесулер тұрғындарды маңызды қоғамдық-саяси өзгерістер туралы жан-жақты ақпараттандыруға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл шаралар халықтың ел дамуына қатысты бастамаларға белсенді қатысуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1168180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді