
АПТАЛЫҚ ШОЛУ
2026 жылғы 13–20 ақпан аралығындағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат
Ақтау қаласы Полиция басқармасы 2026 жылдың 13–20 ақпан аралығындағы жедел ахуал бойынша төмендегіні хабарлайды.
🚔 Жол-көлік оқиғалары
Жүргізілген талдау нәтижесінде 9 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам түрлі дене жарақатын алды.
🔎 Қылмыс
Апта ішінде қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде, кафе-барларда және көшелерде барлығы 5 қылмыс тіркеліп, олардың барлығы ашылды.
🚨 Рейдтік іс-шаралар
Жұма және сенбі күндері жеке құрамның қатысуымен тәуліктік күшейтілген жасақтар құрылып, рейдтік іс-шаралар өткізілді.
🚗 Жол қозғалысы ережелерін бұзу
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:
-
608-бабы бойынша (көлік құралын мас күйінде басқару) – 6 жүргізуші анықталды. Көлік құралдары арнайы айып тұраққа қойылып, материалдар әкімшілік сотқа жолданды;
-
612-бап «Құжатсыз көлік басқару» – 208 дерек;
-
596-3-бап «Қарсы бағытқа шығу» – 1 дерек;
-
599-бап «Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту» – 19 дерек;
-
590-4-бап «Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағу» – 0 дерек;
-
600-бап «Жаяу жүргіншілерге жол бермеу» – 84 дерек анықталып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.
📄 Әкімшілік өндіріс
Апта ішінде барлығы 1679 әкімшілік қаулы шығарылып, оның 1017-сі өндірілді.
Салынған әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік бар екенін ескертеміз.
⚠️ Ескерту
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Әрбір құқық бұзушылық пен жол ережесін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1167503?lang=kk

Жауап қалдыру