
ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №69 мекемесінде бірлескен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға сараптамалық кеңес мүшелері – Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№2 Қалалық аурухана» МКК меңгерушісі Г. Нурбекова және Шымкент қаласы білім басқармасының «Қорғау және қамқоршылық орталығы» КММ директорының м.а. А. Пахынбетов қатысып, бірлесе жеке жедел қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Қабылдау барысында сотталған азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер жан-жақты қаралды. Әрбір сұрақ бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер беріліп, тиісті мекемелерге бағыттау шаралары ұйымдастырылды.
Мұндай бірлескен қабылдаулар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1167771?lang=kk

Жауап қалдыру