«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 10-бабына, аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Хасановтың ұсыныс хатына сәйкес аудандық мәслихат төрағасының аудандық мәслихаттың ХХХІХ сессиясын шақыру туралы өкімі қабылданды.
Сессия отырысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Сессияның өтетін уақыты: 2026 жылғы 27 ақпан, сағат: 11:00.
Тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісі:
2026 жылғы 27 ақпан, сағат: 10:00.
Сессияның күн тәртібіне енгізілетін мәселе:
- Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Хабарламашы:
Қ.Булеков – аудан әкімінің орынбасары.
- Сессия шешімін қажет ететін басқа да мәселелер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kurmangazi-district/press/news/details/1167165?lang=kk

Жауап қалдыру