
Құлақтандыру жүйелерінің (аумақтық және объектілік деңгейдегі) сенімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібіне дағдыландыру мақсатында, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқауына сәйкес «Көктем-2026» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде, 2026 жылғы 25 ақпан күні, күндізгі 11:00 сағатта электр сиреналары мен СРУ 30 сек қоса отырып, АСО-8-3М және Марс-Арсеналды орталықтандырылған құлақтандыру жүйесіне кешенді техникалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды (аудан аумағында орналасқан жергілікті іске қосу электр сиреналарын бір мезгілде қосумен).
Осыған орай, Сіздерден үрейге салмауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Көксу ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/1167620?lang=kk

Жауап қалдыру