Реформа жолында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңасемей ауданы коалициясының мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, алдағы референдум мәселелерін талқылауды жалғастыруда. 2026 жылғы 19 ақпанда осындай кездесу Озерка балабақшасының ұжымымен өтті.

Жиын барысында алдағы республикалық референдумның негізгі аспектілері сөз болды. Талқылаудың басты тақырыбы — үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережелері мен ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мән-жайы.

Кездесу барысында реформаның басым бағыттары айқындалды:

  • Басқаруды демократияландыру: Негізгі Заңға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік билік жүйесін жетілдіруге және демократиялық негіздерді нығайтуға бағытталған.
  • Әділетті қоғам: Жаңартылған Конституция мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға және заң үстемдігі қағидатының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуге арналған.
  • Азаматтық жауапкершілік: Биліктің бірден-бір бастауы — халық болғандықтан, әрбір азаматтың қатысуы қабылданатын түзетулердің заңдылығы мен маңыздылығын айқындайды.

15 наурыз күні өз таңдауыңызды жасаңыз! «Сіздің таңдауыңыз — еліміздің даму бағыты!»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1168127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді