
Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурызда Конституциялық реформа мәселелері бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыруын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Дубай қаласындағы Бас консулдығы жанынан №438 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
❗️Сайлау бюллетеньдерінің санын жоспарлау және тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдету мақсатында Сіздерді алдын ала тіркелуге шақырамыз.
ℹ️ Назар аударыңыз: алдын ала тіркелу міндетті емес, алайда ұйымдастыру жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
✅ Дауыс беруге қатысу үшін https://forms.gle/b9intQW9wEeLKifu6 сілтеме арқылы алдын ала тіркелуге болады.
Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Азаматтық ұстанымыңызды білдіріп, тарихи шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1167767?lang=kk

Жауап қалдыру