
2026 жылдың 21–22 ақпан күндері «Спорт нашақорлық пен есірткіге қарсы!» ұранымен 2012–2014 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан Сайрам ауданының ашық біріншілігі өтті.
Аталған жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Дүбірлі додаға 200-ге жуық спортшы қатысып, тартысты белдесулер мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1168224?lang=kk

Жауап қалдыру