
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметімен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын нивелирлеу жөнінде шешім шығарғанын хабарлайды.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған салықтық тексерулерді, қарсы салықтық тексерулерді, сондай-ақ:
– қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негіздері бойынша;
– прокурорлық қадағалаудың, прокуратура органдарының талап етуі мен актілері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша не олармен келісім бойынша;
– салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау бойынша;
– касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындау бойынша;
– жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;
– салық заңнамасында көзделген, салықтық тексеру жүргізуді талап ететін өтініш және (немесе) талап берілген жағдайларда;
– салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымында баяндалған мәселелер бойынша;
– 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен және салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда;
– камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау мәселелері бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жөніндегі іс – қимылдар тоқтатылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1167703?lang=kk

Жауап қалдыру