Сапалы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет диқандарға арнап дизель отынының бағасын нарықтық бағадан 15%-ға төмен етіп бекітті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің назарын көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының шекті жеңілдікті бағасын уақтылы бекіту қажеттігіне аударды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін шекті баға нарықтық бағадан 15%-ға төмен бекітілгенін баяндады.

Ведомствоның мәліметінше, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егу науқанына берген электрондық өтінімдері негізінде 402 мың тонна мөлшерінде жеңілдікті дизель отынының көлемі дайыналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1167924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді