
Биыл, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, дала акдемигі атанған Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 120 жыл.
Осыған орай, 24 ақпан күні Қызылорда облысы, Шиелу ауданындағы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейінің «Еңбекпен ер атанған Нұрмолда» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Шараға Шиелі ауданының бас мамандары, Нартай Бекежанов атындағы мемориалды өнер музейінің және Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «Ақ күріштің атасы» атанған Ыбырай Жақаевтың ұрпағы, Шиелі ауданының құрметті азаматы Жақаев Сейітбек Ыбырайұлы жылы лебізін білдірді.
Көрмеде Нұрмолда Алдабергеновтың өмірі мен еңбек жолын айшықтайтын фотосуреттер, мұрағат құжаттары, марапаттары және жеке қолданған заттары көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл игі шара музейаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тарихи тұлғалар арасындағы рухани байланысты насихаттауға бағытталған.
Көрме 2026 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1168349?lang=kk

Жауап қалдыру