
2026 жылдың 23 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне техникалық оқыту өткізілді. Мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.
Оқыту барысында Аудит басқармасының басшысы Шарип Сейкенов салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі туралы толық баяндады. Мамандарға бақылау іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты практикалық аспектілер, сондай-ақ салық заңнамасындағы кейбір өзгерістер түсіндірілді.
Мұндай техникалық оқытулардың өткізілуі азаматтар мен бизнес субъектілеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға, салық төлеушілермен кері байланысты нығайтуға және департаменттің аумақтық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1167746?lang=kk

Жауап қалдыру