
Мойынқұм ауданына қарасты Шығанақ ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндіру мақсатында спортшылар мен белсенді жастардың қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру және ел болашағына қатысты маңызды өзгерістер жөнінде жан-жақты ақпарат беру болды.
Кездесуге ауыл жастары, спорт үйірмелерінің қатысушылары мен спорт сүйер қауым өкілдері қатысты. Жиынды ауылдың спорт нұсқаушысы Сұлтанбек Ерболсын жүргізіп, қатысушыларға Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен мазмұнын қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндірді.
Іс-шара барысында Конституцияға енгізілетін түзетулердің ел дамуына тигізетін оң ықпалы, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңашыл тұстары кеңінен баяндалды. Әсіресе заң үстемдігін нығайту, әділдік қағидаттарын күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жастардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіпті нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу еркін әрі ашық форматта өтті. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық диалог жастардың конституциялық реформаларға деген қызығушылығын арттырып, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына оң ықпал етті.
Шара барысында жастардың ел болашағына қатысты маңызды мәселелерге бейжай қарамай, белсенділік танытқаны ерекше атап өтілді. Спорт – тәртіп пен табандылықтың мектебі екені айтылып, спортпен айналысатын жастардың азаматтық жауапкершілігі жоғары болуы қажеттігі атап көрсетілді.
Осындай мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл шаралар қоғамда заңға құрметпен қарау қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық реформаларын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1168200?lang=kk

Жауап қалдыру