ШЫМКЕНТ: QAZAQGAZ AIMAQ ҰЖЫМЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында «QazaqGaz Aimaq» компаниясы ұжымымен кездесу өткізіліп, ел дамуының стратегиялық құжаты – Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында Ата Заңның мазмұны, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәні жан-жақты баяндалды.
Кездесуге Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Эльмира Мырзалиева қатысып, Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.

Спикердің айтуынша, реформаның басты мақсаты – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайту, құқық үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғау.
– Конституция – елдің құқықтық тірегі. Жаңа жоба – заман талабынан туған құжат. Онда мемлекеттің әлеуметтік сипаты, адам құқықтарының қорғалуы, егемендік пен ұлттық тұтастық мәселелері айқын көрініс тапқан, – деді Эльмира Мырзалиева.

Жиында адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Миранда қағидатына» ұқсас ереженің енгізілуі азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыратыны айтылды. Яғни, азамат ұсталған жағдайда оның құқықтары міндетті түрде түсіндіріліп, қорғаушысыз жауап беруден бас тартуға құқылы болады. Бұл – әділ сот төрелігі мен заң үстемдігін қамтамасыз етудің нақты тетігі.
Сонымен қатар құжатта егемендік пен тәуелсіздікті қорғау басым бағыт ретінде бекітілгені, қос азаматтыққа жол берілмейтіні және мемлекеттік тұтастықтың мызғымастығы нақты жазылғаны атап өтілді. Бұл қағидаттар ұлттық қауіпсіздік пен ел бірлігін нығайтуға бағытталған.

Жаңа редакцияда орта білім мен медициналық көмектің тегін көрсетілуі нақтыланып, ғылым мен инновацияны дамытуға басымдық берілген. Мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының бірдей стандарт негізінде жұмыс істеуі тиіс екені көрсетілген. Бұл – сапалы білім мен тең мүмкіндіктің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1167940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді