Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
⚡️20 ақпанда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл – Департамент басшысының орынбасары
С.М. Барменбаевтың төрағалығымен аумақтық басқарма мамандарына арналған семинар өтті.
👩🏻‍💻«Жедел әрекет ету шараларын қолдану»тақырыбында құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.М. Әріпхан баяндама жасады.
👨🏻‍💻Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы В.А. Дзубан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің СҚО бойынша департаментінің ақпараттық хаты бойынша ақпаратты ұсынды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптар және пайдаланылуы шектелген құжаттармен жұмыс істеуді түсіндірді.
👩🏻‍💻Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.В. Барданова ҚР ӘҚБтК 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеу тәртібі туралы айтып берді.
👨🏻‍💻Семинар барысында
С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті атап өтті.
👨🏻‍💻👩🏻‍💻Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1167225?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді