
БҚО әкімі аппараты мен облыстық басқармалар қызметкерлері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы командасы биыл алғаш рет қатысып, 23 басқарма арасынан 7-орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, шахмат, жүзу және үстел теннисі бойынша жеке есепте басқарма басшысы мен оның орынбасары жүлделі орындарға ие болып, команданың жалпы көрсеткішіне елеулі үлес қосты.
Алғаш рет қатысқан команда үшін бұл – үлкен тәжірибе мен болашақ жеңістерге бастар сенімді қадам. Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында алдағы додаларда бұдан да жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік мол!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1167615?lang=kk

Жауап қалдыру