*Тәжірибеден – кәсібилікке: Шымкент қаласының Полиция департаментінде ардагерлермен кездесу өтті*

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының Полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және тәлімгерлік институтын дамытуға бағытталды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ардагерлер қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс барысында ұстанған қағидаттары, мамандыққа адалдық пен антқа беріктік туралы әңгімеледі. Сондай-ақ жеке құрамдағы қызметтік тәртіпті нығайту, кәсіби әдепті қалыптастыру және біліктілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі» деген тағылымды ой кездесудің негізгі өзегіне айналды. Ардагерлер жас мамандармен белсенді жұмыс жүргізуге, тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет жолының бастапқы кезеңінде бағыт-бағдар беруге дайын екенін жеткізді.
Мұндай кездесулер кәсіби ұжымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығы жас қызметкерлер үшін сенімді тірек болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1168189?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді