«Тарих үнсіз: Ауған соғысының сабағы» – ерлік пен тағылым.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тарих үнсіз: Ауған соғысының сабағы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, Ауған соғысы ардагерлерінің өмірі мен ерлігін сипаттайтын деректі фильм көрсетілді.

Ауғанстандағы соғыс – тарихымыздың ауыр, бірақ тағылымы мол кезеңдерінің бірі. Көрсетілген фильм арқылы оқушылар жауынгерлердің батылдығы мен қайсарлығын, Отан алдындағы адал қызметін тереңірек түсінді. Сонымен қатар, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға, ел тыныштығын бағалауға және азаматтық жауапкершілікті сезінуге тәрбиеленді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, тарихи сананы нығайту және ел қорғаған ерлердің ерлігін құрметтеуге баулу болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1167380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді