
«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы Полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары жол қозғалысы қағидаларын сақтау мақсатында көлік құралдарын тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында:
✅ Жүргізушілердің құжаттары тексеріледі;
✅ Жол қозғалысы ережелерінің сақталуы бақылауға алынады;
✅ Құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
✅ Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.
⚖️ Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындауды сұраймыз.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1166825?lang=kk

Жауап қалдыру