
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 25 ақпан күні сағат 10.00, 12.00, 14.00, 16.00-де Бикен Римова атындағы Академиялық драма театрында Батырхан Дәуренбековтің «Тоқты мен Серке» атты кішкентай көрермендерімізге арналған ертегінің премьерасын көруге шақырамыз!
Қойылымның режиссері: Еркебұлан Қабдыл. Суретші А.Досбай. Хореограф А.Құнанбаева.
Күн сайын қайталанатын бірсарынды тіршіліктен жаны қажыған Серке еркіндікті аңсайды. Ол қоршаудан тыс өмір бар екеніне сенеді. Сол үмітпен аңғал да сенгіш Тоқтыны ертіп, екеуі орманға қарай бет алады.
Алайда еркіндікке ұмтылған бұл сапар қауіпті сынаққа айналды. Қараңғы орман ішінде оларды қасқырлар қоршап, тұтқынға алады. Құтылар жол қалмағандай көрінген сәтте, аяқ астынан пайда болған сиқыршы мысық тағдырдың бағытын өзгертеді. Сиқыршы мысық мән жайдың бәрін ұғып, түсініп барлық кейіпкерлерді татулыққа шақырады.
Бұл қойылым – еркіндік пен қауіп, аңғалдық пен айла, қорқыныш пен үміт туралы астарлы ертегі. «Тоқты мен Серке» көрерменді батылдыққа, достыққа, сенімге және қиын сәтте ақыл таба білуге үндейді. Тоқты мен Серкенің басынан өткен шытырман күлкіге толы оқиғаларын бірге тамашалайық!
Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (+7 747 068 5460) ала аласыздар! Театрда кездескенше, құрметті көрермен!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1168361?lang=kk

Жауап қалдыру