«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құқық бұзушылықтар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күшейтілген режимде рейдтік жұмыстар жүргізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Рейд барысында:

  • Көлік жүргізу құқығы жоқ кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша көлік иесіне және жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

  • Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүрген бірнеше жасөспірім анықталды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы және өзге де тиісті баптар негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DVDbuDeitnf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1166815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді