
Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жүгіруден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Әйелдер арасындағы масс-старт бәсекесінде тәжірибелі Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Голубева сынға түсті. Нәтижесінде отандасымыз 8 минут, 38.07 секунд нәтижесімен 16-орын алды.
Әйелдер масс-стартты, жүлдегерлер:
1. Марейке Груневауд (Нидерланд)
2. Ивани Блонден (Канада)
3. Пак Чжи Ву (Оңтүстік Корея)
Қазір Қазақстан 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 19-сатыда тұр.
Еске сала кетейік, конькимен жүгіруден қысқы олимпия ойындарында Қазақстан еншісінде 1 медаль бар. Наганода 1998 жылы өткен өткен бәсекеде отандасымыз Людмила Прокашева 5000 метрге жарыста 3-орын алған.
Фото: Сали САБИРОВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1166765?lang=kk

Жауап қалдыру