
2026 жылғы 20 ақпанда «Заң және тәртіп» идеологиясын мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сынып тәрбиешілері арасында ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс шаралар жоспарын іске асыру аясында онлайн форматта «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс шараға өңірлік мобильді топ мүшелері қатысты.
Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері, кәсіби жауапкершілік мәселелері, еңбек заңнамасының талаптары, сондай-ақ білім беру саласындағы заңнаманың негізгі нормалары түсіндірілді.
Ақпараттық сағатқа 53 педагог қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және мамандардан құзыретті түсіндірмелер алуға мүмкіндік алды.
Іс-шараны өткізу педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1167424?lang=kk

Жауап қалдыру