Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жүз жасаған дүлдүл ақын» атты поэзиялық кеш өтті. 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұлақты ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жүз жасаған дүлдүл ақын» атты поэзиялық кеш өтті.  Шараға Бұлақты орта мектебінің 7-сынып оқушылары мен Жас кітапқұмарлар клубының мүшелері қатысты.
Кеш барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндады. Қатысушылар ақынның кітаптарынан өз қалаулары бойынша өлеңдерін оқып, ал Алипова А. Жамбыл Жабаевтың шығармаларын мәнерлеп жеткізді.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын мұрасын дәріптеу және оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Шараға қатысқандар саны- 12

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1168252?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді